Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Уилл Смит «Оскар» киноакадемиясынан шығатынын мәлімдеді

ktk.kz

Уилл Смит «Оскар» киноакадемиясынан шығатынын мәлімдеді

Бұл келеңсіздіктен кейін аталған ұйым актердің тәртібі қаралатынын жариялаған болатын. «Смит Академияның тәртіп стандарттарын бұзды. Біз оның мәселесін 18 сәуірге жоспарланған директорлар кеңесі отырысында қараймыз», - деген еді Академия президенті Дэвид Рубин. Мұнан соң актер ұйым құрамынан өз еркімен шығатынын және басқарма қабылдаған кез келген шешімді қабылдайтынын мәлім етті. «Оскардың» 94-салтанатындағы қылығым жаға ұстатарлық болды. Кешірілмейтін жайт. Крисқа ғана емес, оның отбасына, менің көптеген достарым мен жақындарыма, салтанатқа жиналғандарға – ауқымды аудиторияға ауыр тиді. Академияның сенімін ақтамадым. Жетістіктерімен көзге түскен өзге номинанттардың мерекелік көңіл күйін бұздым», - дейді ол. Айта кетейік, Уилл Смит жүргізуші тарапынан әйеліне қатысты айтылған әзілге ашуланған болатын. Алопеция ауруына шалдыққан Джада Пинкетт-Смит шашы түсіп қалғандықтан, басын тақырлап тастауға мәжбүр болған. У.Смит киножұлдыздар, режиссерлер мен продюсерлердің басын біріктірген танымал ұйымнан шығатын болса, ол «Оскар» сыйлығына үміткер фильмдер мен спектакльдерге дауыс бере алмайды. Алайда, оның жұмыстары жүлдеге ұсынылатын тізімнен шеттетілмейді. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024