Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Кеш you" тобына төсек қатынасын ұсынғандар болды – Баян Алагөзова

alashainasy.kz

Кеш you тобына төсек қатынасын ұсынғандар болды – Баян Алагөзова

Оның айтуынша, жабық кештерге шақырту алатын қыздары ешкімге төсек қызметін көрсетпеген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап. Танымал продюсер Баян Мақсатқызы (Алагөзова) ел арасында жүрген қаңқу сөзге нүкте қойды. Ол шоу-бизнесте, соның ішінде өзінің "Кеш you" тобына қатысты айтылып жүрген әңгімелерді жоққа шығарды. Белгілі продюсер бұл туралы "Мискузи боул" бағдарламасында айтты. "Мұндай жағымсыз әңгімелер "Кеш you" тобына қатысты да талай айтылды. Бірақ ешкімнің ешқандай дәлелі жоқ, барлығының айтатыны құр долбар ғана. Осы топтың продюсері болып жүргеніме 17 жыл болды. Осы уақыт аралығында бірде-бір рет ондай шақырту болмаған. Тек бір ғана сондай кешке шақырып, ұсыныс айтты. Бірақ ол күлкілі еді. Мен олардың бетін қайтарып тастадым. Жабық кештерге шоу-бизнесте жүргендердің барлығы шақырту алады. Бірақ ол жерде сіздер айтып отырған дүниелер болмайды. Өйткені қыздардың қасында дыбыс режиссеры, тағы да басқа адамдар болады. Көрсеткен өнері үшін ақшасын алады да, көліктеріне отырып кетеді. Бұл айтылып жүргендердің барлығы бос сөз, өтірік нәрсе", — дейді Баян Алагөзова. Бұдан бөлек ол жабық кештерге шақыратындардың анайы ұсыныс жасауға өзінен жүрексінетінін жеткізді. "Кеш you" тобының артында мен тұрмын. Ал мен өте танымал адаммын. Кез келген ішкі жағдай сыртқа шықса, резонанс тудырады. Мүмкін бізді осы сақтаған шығар. Мен ондай әңгімені естіген де, көрген де емеспін, — деді продюсер. Ал белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің қазақ эстрадасындағы қыздардың 90 пайызы жезөкше деп айтқаны қоғамда үлкен дау туғызған болатын. Бұл туралы Экспресс К бұған дейін жазды. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024