Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Ноқтасыз малдар»: Қайрат Нұртастың есін шығарған фанаттар талқыға түсті

paryz.kz

«Ноқтасыз малдар»: Қайрат Нұртастың есін шығарған фанаттар талқыға түсті

Павлодарда Қайрат Нұртас қатысқан концерт ашық аспан астында ұйымдастырылған. Ғаламторда тараған видеода танымал әншіге жақындау үшін фанаттардың түрлі ерсі әрекеттерге барғанын анық байқауға болады. Олардың бірі сахнаға жүгіріп шықса, екіншісі күзетшілерден қашып жүр. Бейнежазбаны көрген көпшілік хит әншіні де, тыңдарманды да оңдырмай сынап жатыр. «Түк көрмеген сияқтысыңдар», «Жабайы халық, павлодарлықтарды ұятқа қалдырмаңдаршы», «Ол әншілердің қойылымы», «Әншілер Павлодарға жиі келуі керек. Сонда сағынышы басылады», «Ноқтасыз малдар», «Роза Рымбаеваның концертіндегі малдан соң, осындай секіріп шыққан құрбақалар да көбейді», «Арзан жеңіл пиар», – деп пікір білдірді желі қолданушылар.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024