Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Индонезияда Димашқа арналған 10 күндік көрме өтеді

paryz.kz

Индонезияда Димашқа арналған 10 күндік көрме өтеді

Іс-шараны Димаш Құдайбергеннің индонезиялық фан-клубы Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігі және Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл жаңалық индонезиялық Dears-ты қатты қуантты. Өйткені аталмыш көрме арқылы Индонезия халқы Қазақстанның мәдениетімен және Димаштың дауысымен танысады. Сондай-ақ, бұл іс-шара екі ел арасындағы достықтың нығаюына себеп болмақ. Көрмеде Қазақстанның таңғажайып табиғатының фотосуреттері мен жергілікті индонезиялық суретшілердің қолынан шыққан түрлі өнер туындылары ұсынылады. Сонымен қатар, көрменің алғашқы күні кітапхананың бас залында Димаштың концерттерінің көрсетілімі өтеді. Көрмеге қалаған адам тегін кіріп, тамашалай алады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024