Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ләйлә Сұлтанқызы болашақта келіндерімен бір шаңырақ астында тұруға қатысты өз ойын айтты

kznews.kz

Ләйлә Сұлтанқызы болашақта келіндерімен бір шаңырақ астында тұруға қатысты өз ойын айтты

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы болашақта келіндерін қалай ұстайтыны туралы пікірін айтты. Ол бұл тақырыпта ұлдарымен сөйлескен. Тележүргізуші болашақ келіндерімен бір шаңырақ астында тұруға қатысты ойын өзінің Instagram парақшасында жазды. Сұлтанқызының сөзінше, келінмен бірге немесе бөлек тұру жағдайға байланысты. «Кеше қызық болды. Ұлдарыма ене мен келін туралы видео көрсеткем. Қыздар қазір енелерімен тұрғысы келмейді және ол дұрыс дегені біраз адамның қытығына тиген сияқты. Әрине, енелерді қолдағандар да көп. Бір үйде бірдей тәрбие алып жатқан 16 жасар Сағадат олай болмайды, мен сізбен тұрамын деп бірден жауап берсе, Сардар қыздың да ойы дұрыс қой деп қалды. Бітпейтін дау екені түсінікті, дегенмен барлығы жағдайға тікелей байланысты. Өз басым келіндерге біздің үйдің тірлігін, тәртібін, принциптерін үйреткен соң, еншісін берем деп ойлап қоямын», — дейді ол. Ләйлә Сұлтанқызы өзін болашақта қандай ене ретінде елестетінін де айта кеткен. «Өзім қолым боста немерелеріме қарап, қыдырып жүрмеймін бе деп қоямын. Әлде қартайғанымда бір қыз туып алсам ғой деп, оны да армандап қоямын, әрине бұйыртса ғой», — дейді тележүргізуші.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024