Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тәуекел Мүсілімнің келіншегі екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін жария етті (видео)

kznews.kz

Тәуекел Мүсілімнің келіншегі екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін жария етті (видео)

Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілімнің отбасы жақында тағы бір сәбимен толықпақ. Әртістің келіншегі Махаббат Мүсілім екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін растады, деп жазады Kznews.kz тілшісі. Тәуекелдің әйелі бұл қуанышты жаңалықты Айнұр Ілиясоваға берген сұхбаты барысында бөліскен. «Құттықтауларыңызға рахмет. Қазір жағдайым жақсы. Жүктіліктің екінші кезеңіндемін. Аздап асқазан қыжылы байқалады. Бірақ жалпы өзімді жақсы сезініп жүрмін. Менің екі жүктілігімде де токсикоз деген нәрсе аса қатты болмады», — деді актердің келіншегі. Сонымен қатар Махаббат Мүсілім тұңғышы Айтөренің жағдайы туралы айтып өтті. Сөзінше, ұлы бүгінде бұзық. Жас ана аяғы ауыр болғандықтан оны қолына көтермейтін болған. Қазіргі уақытта Тәуекелдің өзі баласын көтеріп, келіншегіне қолғабыс етеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар