Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайдағы ең үздік актриса атанған қазақ қызы кім

inform.kz

Қытайдағы ең үздік актриса атанған қазақ қызы кім

Осынау ең жоғары марапатқа алғаш рет этиникалық қазақ қызы Риза Әлімжанқызы «Minning Town» телехикаясындағы рөлі үшін «Үздік актриса» номинациясының иегері атанды. Қытайдың кино жұлдызына айналған, өнер өрінде миллиондаған бәсекелестерінің алдын орап, талантымен талайды таңдай қақтырып жүрген қандасымыз Риза Әлімжанқызының өнер жолы туралы шолуымызды ұсынамыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ашық дереккөз бойынша, Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза Әлімжанқызы кино саласында Reyizha Alimjan немесе Rayza деген есімімен танымал болған. Ол 1986 жылы 15 шілдеде Бейжің қаласында дүниеге келген. Әкесі Әлімжан Нұрғазыұлы мен анасы Зайымхан Бейжің қаласындағы орталық ұлттар баспасының қазақ редакциясында жұмыс істейді. Олар 1970 жылдары Шыңжаннан Бейжіңге студент болып барып, жұмыс істеп, қоныстанып қалған екен. Риза Бейжіңде алғаш мектепке барғанда сыныптастары түр-сипаты өздерінен өзгеше, ерекше балаға жатырқап қарап, Шыңжан өлкесінен келгенін біліп, «кәуапшы» (шашылық пісіруші) деп ат қойған. Мұны түсіне алмаған Риза анасынан себебін сұрағанда, анасы «балам, тек оқуыңды жақсы оқы, білімді, жақсы бала болсаң, елдің барлығы саған құрметпен қарайтын болады» дейді. Бұл сөз оның жігерін жанып, жан-жақты талаптануына оң әсерін тигізеді. Риза ән айтуға, кітап оқуға ынталы болуымен бірге, мектепте сабағын да үздік оқыған. Ол 15 жасында сән әлеміне кездейсоқ қадам басып, танымал «Ruili» журналы ұйымдастырған сән байқауына қатысып жүлдегер атанады. Осылайша Риза «Ruili» журналының тарихындағы мұқабасына суреті басылған ең жас модель болумен бірге, 3 жыл осы басылымда келісімшартпен жұмыс істейді. Әйтседе, Риза модель болудан көрі актер болуға ынталы болып, 2002 жылы Бейжің кино академиясының актерлік факультетіне оқуға түседі. Ол кәсіби білім алып, оқуын аяқтаған соң «Картаңызды ашыңыз» фильміне түсіп, кино индустриясындағы тұңғыш өнер сапарын бастайды. Осыдан кейін таланытты қандасымыз аудиториясы үлкен Қытайдың кино индустриясына құлаш ұрып, өз қолтаңбасымен көрермен ықыласына бөленген көптеген фильмдерге түседі. Ол комедиялық «Суайттар шайқасы» киносында, патша ордасындағы қырықпышақ болып қырылысып жататын күндес ханымдар туралы «Гаремдегі Чжуан Хуанның өмірі» телехикаясында, бүгінгі қала өміріндегі махаббат тақырыбы арқау болған «Махаббат па, оған мен дайын» телефильмінде және «Махаббат бұйрықтан аса алмайды», «Біз ғана білетін мекен» («Somewhere Only We Know»), «Шындық айтылмайтын аймақ», «Қарлы даладағы әйел патша», «Қуғындау» секілді көптеген фильмде рөлін сәтті сомдап шығады. Риза 2017 жылы «Қуғындау» филіміндегі рөлі үшін XX Шанхай халықаралық кино фестивалінде «БАҚ-тың назарын жиі аударған актриса» номинациясында марапатталады. Ал, 2019 жылы «Чаңандағы бір тәулік» атты телефильміндегі рөлі үшін Қытайдың Huading байқауында ең «үздік актриса» атанады. Сондай-ақ, Ризаның 2020 жылы түскен «Тау-теңіздей махаббат» фильмі 2021 жылдың қаңтар айында көрерменге жол тартып, халықтың жақсы бағасына ие болды. Ал, Риза соңғы қуанышты жаңалығын көпшілікпен Weibo желісінде бөлісіп, өзінің ана атанып, қызы дүниеге келгенін жариялаған. «Minning Town» телехикаясы өткен жылы қаңтар айында Қытайдағы көрермені ең көп бес телеарнада қатар көрсетіліп, жұрт өте жоғары бағалаған еді. Оған Қытайдың Нинся дүнген автономиялық регионының Сихайгу аймағындағы ауыл тұрғындарының кедейлікпен күресі арқау болады. Телехикаяда Риза қазымыр әкенің қатал үкіміне мойын ұсынбай, тағдырын өз қолына алған қайсар қыз Ли Шуйхуаның бейнесін сомдап, актерлік шеберлігімен көрермендерді тәнті етеді. 1 қараша күні кеште Бейжіңдегі Шоуган аренасында өткен сыйлық иегерлерін марапаттау рәсімінде Риза Әлімжанқызы толқып тұрып: «Мен бақытты һәм талайлы жан екенмін. Қазылар алқасына, еңбегімді бағалаған көрермендерге мың алғыс. Өздеріңізге ана тілімде алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер: РАХМЕТ!»,- деп ағынан жарылды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024