Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Мынаған қалай отырасың?»: 3 млн 850 мың теңгенің унитазына «отырған» Қайрат Әділгерей жұртты күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

kaz.caravan.kz

«Мынаған қалай отырасың?»: 3 млн 850 мың теңгенің унитазына «отырған» Қайрат Әділгерей жұртты күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

Өнер иесі осыншама қымбат дүниеге қалай дәретке барасың деп күлді, деп хабарлайды Caravan.kz. Аталған видео желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды. Онда актердің бағасы 3 млн 850 мың теңге тұратын унитазға таң қалып тұрғанын көруге болады. Сонымен бірге ол сатушыдан аталған жиһаздың басқалардан несімен ерекшеленетінін сұраған. «Бұл унитазда екі қызмет бар. Унитаз және биде. Көргендеріңіздей бұл тек шайып қана емес, жуады да. Таза фарфор. 3 млн 850 мың теңге бағасы», - деп жауап берген сатушы. Актер өз кезегінде қымбат унитаз туралы былай деген: «Брат мынаған не т... сың құрысын, обал ғой? Бағасы 3 млн 850 теңге екен. Что надо «гадить» сюда? Ар жағында 150 мың қоссаң, Армениядан күшті сороковка алып келесің ғой?» Значит бар ғой алатын адамдар, бар». Видеода сондай-ақ Қайрат Әділгерейдің жанында тағы бір адам бар екені әрі ол осы жайтты бейнежазбаға түсіріп тұратыны байқалады. «Болды, біз аламймыз. Біз алмасақ та, басқа адамдар бар ғой алатын адамдар, бар. », - дейді ол. Желі қолданушылары актердің бұл пікірін жақтап шыққан. «Осыны да алатын адамдар бар иә,,бірақ осыны сатып алатындарды ақымақтар деп ойланбай айтар едім», «Естері дұрыс па мыналардың не деген баға айналайын ау қайда қарап қояды мынандай бағаны?», «Өзі сүртіп береді екен» деп жазды олар.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024