Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық театр солисі халықаралық байқау жеңімпазы атанды

almaty-akshamy.kz

Қазақстандық театр  солисі халықаралық байқау жеңімпазы атанды

Белгілі опера әншісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Классикалық өнер» бөлімінің көркемдік жетекшісі, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисі Азамат Жылтыркөзов классикалық өнер саласындағы «BraVo» халықаралық кәсіби музыкалық байқаудың лауреаты атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі әлемге танымал және алдыңғы қатарлы музыкалы мәдениеттің ең ірі ошағы Ресейдің Үлкен театры сахнасында өтті.Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Азамат Қайратұлы Мәскеу қаласында өткен халықаралық байқауда классикалық өнер жанры номинациясы бойынша үздіктер қатарына қосылды. Қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған өнер иесі бұған дейін де бірнеше рет республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді.«Bravo» халықаралық кәсіби музыкалық сыйлығы Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің ақпараттық қолдауымен жыл сайын өтеді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024