Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Америка әншісі Тина Тернер қайтыс болды

azattyq.org

Америка әншісі Тина Тернер қайтыс болды

Швейцарияда 83 жасында әнші Тина Тернер қайтыс болды. Бұл жөнінде Sky News телеарнасына оның өкілі хабарлады.Сегіз рет "Грэмми" сыйлығын алған Тина Тернер 1960-80 жылдары танымал әншілердің бірі болды. Әлем жұртшылығы арасында ол "рок-н-ролл патшайымы" деген атқа ие болған.Әйгілі әнші 1939 жылы АҚШ-та дүниеге келген. Ата-анасының оған қойған аты – Анна Мэй Буллок. Ол ритм-н-блюз стилінде ән айтып таныла бастаған."Грэммиден" бөлек, MTV Video Music Awards, Amеrican Music Awards және өзге де сыйлықтарға ие болған.Тина Тернер биші әрі актриса ретінде де танылған. 1986 жылы Голливудтың Даңқ аллеясында оған арналған жұлдыз пайда болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024