Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

“Бұл біздің болдық, толдық дегеніміз емес” Д.Бадықова халықтың сынына жауап берді

newsroom.kz

“Бұл біздің болдық, толдық дегеніміз емес” Д.Бадықова халықтың сынына жауап берді

Танымал актриса Дариға Бадықова оққағар ертіп жүріп, сынға қалған еді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы stan.kz-ке сілтеме жасап.

Актриса оқиғаның қалай болғанын айтып, халықты қатты сөкпеуге үндеді.

“Сол бір "телохранитель" (оққағар) бәле болды. Біз ол кезде Атырауға корпоративке барғанбыз. Үлгермей кетті. Бір күнде 8 мейрамханаға тапсырыс түскен. Бізге де ақша түскен. Мамандығың сол ән айтып, би билеу болған соң жүреміз ғой. Бірінші күні ол оққағарларды алған жоқпыз. Нақтысы бермеді. Бұл – халықтың жылына бір көңіл көтеретін мерекесі. Сосын жақсы көретін әртісін ұстап көріп, тартып көреді. Бұл өздерінің махаббаттары. Менде өзім ұнатқан адамымды ұстап көргім келеді. Сөйтіп, екінші күні үлгермеген соң, мейрамхананың өзі оққағар берді", – дейді Дариға Бадықова.

Сонымен қатар әнші бір жағынан қорғану үшін де оққағар көмегіне жүгінгенін жасырмады. Мерекелік кештерге ішіп алған адамдардың болатынын біліп, күзетшімен шығуды жөн көргенін айтты.

“Дұрыс түсініңіздер! Бұл біздің болдық, толдық дегеніміз емес. Осы оқиғадан кейін оққағар бәле болып жабысты. Қайсы біріне ақтала бересің. Халықтан қорғанатын дымымыз да жоқ", – деп ашуланды актриса.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2024