Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Жігіттер талқандап кетті, ұйқы жоқ»: Мақпал Жүнісова тозығы жеткен үйін көрсетті

kaz.365info.kz

«Жігіттер талқандап кетті, ұйқы жоқ»: Мақпал Жүнісова тозығы жеткен үйін көрсетті

Әйгілі әнші Мақпал Жүнісова үйіне құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында тозығы шыққан үйін көрсетіп, видео жариялады. Оның айтуынша, үйінің құбырлары әбден тозған. «Қайырлы таң, оқырмандарым! Құдай-ай, бұрын үйім өзіме жақсы сияқты көрінетін. Бәрін ашып қарасақ, астының бәрі шіріген. Беті ғана жылтырап тұр екен ғой. Үстінгі қабаттағы дәретхананың құбырлары жарылып, су кетті. Темір де тозады деген осы екен ғой. Жігіттер талқандап кетті. Алла сабыр берсін. Мынаның бәрі орнына келгенше ұйқы жоқ қой», – деді Жүнісова. Әншінің тыңдарманждары болса, «неше жыл бұл үйде тұрдыңыз, неге шетінен жаңарта бермегенсіз?», «4 қабаттың бәрін қайтесіз, сіңлім, оны күтіп ұстау оңай емес қой», «көңілден шығатындай жөндеу болсын», «сәттілік», «үйіңіз тезірек қалпына келсін», «Құдай қуат берсін» деп жаза жөнелді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 маусым 2024