Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тұрсынбек Қабатов оспадар қылық жасап алып, сахнаға шығып жүр. Бұл – халықтың қасіреті – Ахметбек Нұрсила

paryz.kz

Тұрсынбек Қабатов оспадар қылық жасап алып, сахнаға шығып жүр. Бұл – халықтың қасіреті – Ахметбек Нұрсила

Ахметбек Нұрсила қай заманда болсын қоғамның қадір тұтар тұлғалары болатынын, өкінішке қарай, қазіргі қоғамда құндылығы жоқ, мәдениеттен жұрдай сайқымазақтар, әншісымақ «шегірткелер» жұлдыз болғанын айтады.

«Әсет Найманбайұлы айтқандай, асуға ат шықпайтын арба шықты, Қанды балақ қыранды қарға жықты, Қопада өгіз соққан жолбарыстар, Қояннан қорыққанынан жарға бұқты. Яғни, қоғам дағдарып тұрған кезеңде қоғамның қадірлісі болып, жұлдыздар болып «шегірткелер» шықты. Баяғыда Балуан Шолақ, Ақан сері, Біржан сал сияқты тұлғаларды адамдар төбесіне көтерген. Олардың мәдениеті, кісілігі, адамгершілігі өте жоғары болған. Елге сөзі өтіп, қорған болған. Сондықтан халық оларды құрметтеді. Ал қазіргі тоқырау заманында дүниеқоңыз сайқымазақ, білімсіз адамдар төрге шықты. Ең қорқыныштысы, халық солардың сорақы қылықтарын қорғап жатыр.

Мейрамбек Беспаев та «еркелік қой» деп қорғап әлек. Еркелігін әке-шешесіне көрсетсін. Халыққа ондай еркелік жүрмейді. Ішіп алып, қоғамдық жерде ұрыс, төбелес шығарып, сахнаға анаша шегіп шығу деген барып тұрған бассыздық. Бұл қоғамның деңгейін де көрсетеді. Дамыған елдерде пара алған, бірдеңе бүлдірген министрлер бірден жұмыстан кететін еді. Қоғам алдында жүрген адамдар шалыс басса, қарабет болып, елдің алдына шықпаушы еді.

Тұрсынбек Қабатов оспадар қылық жасап алып, сахнаға шығып, сонысын дәріптеп күлкіге айналдырып тұр. Оған халық мәз. Бұл — қоғам алдындағы халықтың қасіреті. Есек озып, тұлпарлардың мерейі ақсаған заман болып тұр. Халықтың алдында жүріп осындай оспадар қылық көрсеткендер елге үлгі саналса, қоғам ешқашан түзелмейді», - дейді ол.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024