“Қош Үсіпхан”: Қымбат Досжан Үсіпхан Сейтімбетке жан тебірентерлік жазба арнады
Қымбат Досжан күні кеше өмірден озған актер Үсіпхан Сейтімбетке арнап желіде жазба жариялап, студенттік шақтағы естелігін баяндады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Диктор марқұмның жақсы адам әрі хас талант болғанын жазған.
«Қош, Үсіпхан! Курсымыздың ең жайдарлы, жүрегі ақ, пейілі кең ақеділ азаматы едің. Пластика, ритм, музыкалық қабілетің бәрі-бәрі бір өзіңнен табылған талант едің.. Ритмикадан емтихан тапсырғанымыз есіме түсіп отыр, Бос шыны бөтелкенің әрқайсына суды мөлшерлеп тұрып құйып, алюминий вилка - қасықпен ұра отырып, мен дирижерлік еткен “Смуглянка” әнін ансамбльмен тамаша сүйемелдеп едің. Ударный аспаптарды ұрғылағанда тіпті жанатынсың. Неге асықтың?»,-деп жазған Қымбат Досжан қимас курстасының қазасына қабырғасы қайысып.
Диктор өз жазбасында марқұмның ет-жақындары мен әріптестеріне көңіл айтқан.
«Қымбатты менің курстастарым, Профессорлар: Асқар Тоқпанов, Шолпан Жандарбекова, Асанәлі Әшімов, Тілектес Мейрамовтың Шәкірттері, баршаңызға қайғырып көңіл айтамын. Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсрепов театрларының ұжымына, Үсіпханның жары, курстасым, театр актрисасы Гүлнар Сейтімбетоваға, ұл-қызына, туған жақындарына көңіл айтамын. Алла панасына алсын Үсіпхан бауырымды»,-деп жазған ол.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
6 қазан 2024