Аршавиннің жазасы жеңілдетілді

24.kz

«Қайрат» футбол клубы Қазақстан футбол федерациясының тәртіп ережесіне сәйкес, 2018 жылдың 30 қазанында қабылданған тәртіптік-бақылау комитетінің шешіміне шағымданды.Тәртіптік-бақылау комитеті алматылық команданың шағымын қанағаттандырып, шешімге келді.Тәртіп ережесінің 44-бабының 1-бөлімінің 2-тармақшасына сәйкес дөрекі ойыны үшін «Қайрат» командасының ойыншысы А.Аршавин екі матчқа ойыннан шеттетілді. Шешім 2018 жылдың 27 қазанынан бастап күшіне енді. А.Аршавинге бір матч нақты, бір матч шартты түрде жаза қолданылады.Ақпарат көзі: prosports.kz

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: