Жәнібек Әлімханұлы Эль-Пасодағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

24.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Эль-Пасода (АҚШ, Техас штаты) өткен бокс кешінде америкалық Вон Александрды жеңді.Орта салмақта жұдырықтасатын боксшылардың жекпе-жегі жоспарланған 8 раундқа созылды. Бұл қазақстандық боксшының ең ұзаққа созылған жекпе-жегі болды.Шаршы алаңдағы шайқаста ширақ қимылдары, жойқын соққыларымен көзге түскен Жәнібек Әлімханұлы төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой ринг төріндегі төртінші жеңісі.Ақпарат көзі: vesti.kz

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: