Боксшы нокаутқа түскеннен кейін көз жұмды

24.kz

Италия боксшысы Кристиан Дажио чемпиондық жекпе-жекте нокаутпен жеңілгеннен кейін көз жұмды, - деп хабарлайды BoxingScene.com.Жартылай ауыр салмақта WBC Asian Boxing Council күміс белбеу үшін жекпе-жек Таиландтың Рангсит қаласында өткен. 49 жастағы Дажионың қарсыласы жергілікті Дон Паруанг болды. 12-раундта италиялық басына бірнеше соққы өткізіп алып, канвасқа құлаған. Алайда ол орнынан тұрып, тағы бірнеше соққы алды да, қайтадан құлады. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Дажио рингте есінен айырылып қалып, мұны байқаған төреші бірден дәрігерлерді шақырған. Боксшыны ауруханаға жеткізіп, бас миының ауыр жарақаты барын анықтаған. Бірнеше күннен кейін ол есін жимастан көз жұмды.Дажио ка

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: