Қазақстандық шорт-трекші әлем кубогында күміс медаль еншіледі

24.kz

Қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиев Канаданың Калгари қаласында өткен әлем кубогының бірінші кезеңінде күміс жүлдегер атанды.500 метрлік сайыста Абзал екінші нәтиже көрсетті. Аталған қашықтықты 40, 136 секундта конькимен жүгіріп өтті. Олимпиада чемпионы қытайлық У Дазцинді ғана алға жіберіп алды. Оның уақыт көрсеткіші 39,915 секунд болды. Үздік үштікті мажар елінің спортшысы Шандор Лю түйіндеді.Абзал Әжғалиев күміс жүлдегер атанып қана қоймай, 500 метрде қазақстандық спортшылар арасында рекорд та жасады.- Жаңа маусым сәтті басталды. Бірінші күні жартылай финалға дейін жеткеніммен, жүлде бұйырмады. Жарыстың соңғы күні финалға дейін жетіп, күміс еншіледім. Финалда үш Олимпиада чемпионымен

Поделитесь новостью:

Читайте также: