Юрий Юрков нысана көздеуден Ташкенттегі турнирде чемпион атанды

Юрий Юрков нысана көздеуден Ташкенттегі турнирде чемпион атанды

24.kz

Ташкентте нысана көздеуден ардагерлерді еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде. Көрші елдегі айтулы бәсекеге Қазақстан атынан екі спортшы қатысып жатыр. Ерлер арасында винтовкамен 10 метрді көздеуде шымкенттік Юрий Юрков чемпион атанды. Юрков халықаралық дәрежедегі спорт шебері саналады. Ал Кирилл Кузьмич қола жүлдені қанағат тұтты. Еске сала кетейік, турнир 16 желтоқсанға дейін жалғасады.Olympic.kz

Поделитесь новостью:

Читайте также: