Лондонда қазақстандық қос боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

Лондонда қазақстандық қос боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

24.kz

Лондонның York Hall кешенінде өткен бокс кешінде екі қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жектерін өткізді.22 жастағы боксшы Сұлтан Зәуірбек (2-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол төрт раундқа жоспарланған кездесудің бірінші раундында румыниялық Стефан Николаэні (2-13) жеңді.Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбек 2014 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль алған. Дәл сол жылы кәсіпқой боксқа бет бұрып, MTK Global промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойған болатын.Сұлтан соңғы жекпе-жегін 24 қараша күні Монте-Карло қаласында никарагуалық Джонсон Теллеске (12-45-5, 6 КО) қарсы өткізіп, үшінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен.prosports.kz

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: