Д.Рейхерд Қытайдағы әлем кубогінде фристайлдан қола жүлдегер атанды

Д.Рейхерд Қытайдағы әлем кубогінде фристайлдан қола жүлдегер атанды

24.kz

Қытайдың Тайву қаласында фристайл-могулдан әлем кубогінің екінші кезеңі өтті.Қазақстандық Дмитрий Рейхерд қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл Рейхердтің биылғы маусымдағы алғашқы жетістігі. Қазақстандық спортшы төрешілерден 86.92 ұпайалып, үздік үш жүлдегердің қатарына еніп отыр. Алтын медаль канадалық Майкл Кингсберидің, күміс жүлде жапониялық Юкуме Хорошименің еншісінде.Ал Финляндияның Рука қаласындағы алғашқы кезеңде күміс медаль тағынған Юлия Галышева бұл жолы төртінші орында қалды. Қыздар арасында америкалық Джелин Кауф жеңімпаз атанды.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: