Головкин WBC чемпионымен кездесуден бас тартуы мүмкін

Головкин WBC чемпионымен кездесуден бас тартуы мүмкін

24.kz

TALKsport.com порталының журналисі Майкл Бенсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің орта салмақта WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарломен кездесу мүмкіндігі туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.«Кездесуге кедергі болатын жағдайлар туындауы мүмкін. Өйткені Головкин мансабындағы алғашқы жеңілістен кейін еркін агентке айналып, болашағын болжап отыр. Егер 36 жастағы боксшы Showtime-мен келісімшартқа отырса, Чарломен кездесу ұйымдастыру оп-оңай болады. Егер басқа жолды таңдаса, WBC туралы ұмыта беруіне болады», - дейді сарапшы.WBC президенті Маурисио Сулейман да Чарло мен Головкиннің кездесуіне үміт білдіретінін айтқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: