Футзалдан Қазақстан кубогын «Ақтөбе» иеленді

Футзалдан Қазақстан кубогын «Ақтөбе» иеленді

24.kz

Турнир финалы Щучинск қаласында өтті, команда рудныйлық «Аятты» 2:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, «Ақтөбе» биылғы турнирде жеті жыл қатарынан чемпиондықты бермей келе жатқан «Қайратты» жеңіп, алматылықтарды финалға өткізбеді. Бұл өзіндік сенсация болды. «Ақтөбе» үшін бұл алғашқы кубок. Команда келесі жылы футзалдан Чемпиондар лигасына қатысады. Ал «Қайрат» талдықорғандық «Жетісуды» жеңіп үшінші орын иеленді.

Поделитесь новостью:

Читайте также: