Жамбыл Көкеев «Ақтөбеден» кетті

Жамбыл Көкеев «Ақтөбеден» кетті

24.kz

Жартылай қорғаушы Жамбыл Көкеев «Ақтөбе» сапынан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.Биылғы маусымда 30 жастағы жартылай қорғаушы 25 ойынға қатысып, бес нәтижелі пас беріп, екі гол салған. Мұның алдында Көкеевке Еуропа лигасының квалификациялық матчтарына қатысатын «Ордабасы» қызығушылық танытқаны хабарланған еді.Көкеев премьер-лигада 2006 жылдан «Астана» (бұрынғы «Жеңіс» Vesti.kz) сапында ойнай бастады. Сонымен қатар ол «Алма-Ата», «Локомотив» (Астана), «Шахтер», «Қайрат» және «Қайсар» клубтарында өнер көрсетті. Жалпы премьер-лигада ол 239 ойын өткізіп, 35 гол салды.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: