Теннис: Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

Теннис: Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 94-орында тұрған қазақстандық спортшы жартылай финалда әлемнің 134-ракеткасы, америкалық Варвара Лепченкомен кездесті.
З.Дияс бірінші партияда 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Екінші сетте де қазақстандық теннисші есесін жіберген жоқ - 7:5.
Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 34 минутқа созылды
З.Дияс іріктеу сайысының финалында тағы бір америкалық, рейтингте 123-орындағы Николь Гиббспен негізгі турнирге берілер жолдаманы сарапқа салады....

Читать новость полностью

Поделитесь новостью:

Читайте также: