Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Канело» карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

aikyn.kz

«Канело» карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, – деп хабарлайды vRINGe.com. 18 шілдеде орта салмақта WBA (Super) мен WBC (Franchise) және екінші орта салмақта WBA (Regular) титулының иегері 30 жасқа толады. Бокс – бұл өмірім. Денем жекпе-жекті аңсайды. Кездесу жоспарланса да, жоспарланбаса да, жаттығу жасаймын. Себебі бұл істі жақсы көремін. «Зейнетте» не істеймін? Өзімді бизнеске арнап, күн сайын гольф ойнаймын», – деді Альварес Box Azteca-ға берген сұхбатында. Еске салайық, Альварес кәсіпқой боксқа 2005 жылы қазанда 15 жасында келген. Соңғы 15 жыл ішінде ол төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024