51 жастағы қазақ бапкері ресейлік клубты жаттықтырады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі футбол маманы Ильшат Айтқұлов Ресей чемпионатында ойнайтын «Орынбор» клубын жаттықтырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап. 51 жастағы Ильшат Нұрғалиұлы «Орынбор» клубының бас бапкері Константин Емельяновты ауыстырды. Айтқұлов бас жаттықтырушының міндетін атқарушы болып тағайындалды, ол осы қызметті маусым соңына дейін атқаратын болады. «Айтқұлов командаға маусым соңына дейін жетекшілік етеді. Оның болашағы команданың нәтижелеріне байланысты болады. Біздің міндетіміз — чемпионатты табысты аяқтау», - деді «Орынбор» ФК қамқоршылық кеңесінің мүшесі Василий Столыпин. Ильшат Айтқұлов «Орынборда» 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Tr
- Соңғы
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
23 наурыз 2026
23 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар