Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының өтетін уақыты ауыстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық бокс қауымдастығы (АИБА) жастар арасындағы әлем чемпионатының өтетін уақытын шегерді, деп хабарлайды Olympic.kz. Жастар арасындағы дүниежүзілік біріншілік 2020 жылдың 2-9 қарашасында Польшаның Кельце қаласында өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты біріншілік 2021 жылдың 10-24 сәуірі аралығына ауыстырылды. Дода 3000 адамдық "Hala Legionow" спорт кешенінде өтеді деп жоспарлануда. Жастар арасындағы әлем біріншілігіне 2002 жылдың 1 қаңтары мен 2003 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған жас былғары қолғап шеберлері қатысады.
- Соңғы
- Танымал
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
5 қаңтар 2026
5 қаңтар 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар