Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жол апатынан 3 боксшы қаза тапты

baq.kz

Жол апатынан 3 боксшы қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы құрамасының боксшылары жол-көлік апатынан қаза тапты. Атырау боксында орны толмас, ауыр қаза. Үш бірдей болашағынан үміт күттірер жас боксшыларымыз, облыс құрамасының мүшелері Еламан Рахметолла, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Тельманов жол апатына ұшырап, мезгілсіз қаза болды. Атырау бокс федерациясы марқұмдардың туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады, - делінген boxingkazakhstan -ның Іnstagram парақшасында жазылған хабарламада. Еламан Рахметолла, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Тельманов 2000 жылы туған. Жол-көлік апатының неден болғаны анықталып жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024