Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Теннисші Михаил Кукушкин Гаррос турнирінің екінші айналымында сүрінді

aikyn.kz

Теннисші Михаил Кукушкин Гаррос турнирінің екінші айналымында сүрінді

Қазақстандық Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирінде жарыс жолынан шығып қалды. Әлемнің 88-ракеткасы М.Кукушкин екінші айналымда рейтингте 105-орында тұрған испаниялық Педро Мартинес Портеромен кездесті. Бүгін қазақстандық теннисшінің ойыны мүлдем жүрмеді деуге болады. Алғашқы екі партияда 3:6, 1:6 есебімен есе жіберсе, соңғысында тіпті бірде-бір геймге қол жеткізе алмады – 0:6. Бәсеке 1 сағат 39 минутқа созылды. Испаниялық теннисші үшінші айналымда әлемнің 213-ракеткасы Себастьян Кордамен кортқа шығады. Ол отандасы, рейтингте 23-орында тұрған Джон Изнерді 6:4, 6:4, 2:6, 6:4 есебімен ұтып кетті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024