Қазақстан Суперкубогі матчтеріне көрермендердің келуіне рұқсат етілді
 
            Түркістан облысының мемлекеттік санитар дәрігері Нұрбек Нышанов Қазақстан Суперкубогі матчтарына көрерменнің келуіне рұқсат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.Жаңа қаулыға сәйкес, келетін көрермен саны стадион сыйымдылығынан 30% аспау қажет. Сондай-ақ көрермендер 1,5-2 метр арақашықтық сақтауы керек.Биыл 2-6 наурыз аралығында Қазақстан Суперкубогі ойындары «Түркістан Арена» стадионында өтеді.Турнирге былтырғы Қазақстан чемпионы («Қайрат»), чемпионаттың жүлдегерлері («Тобыл», «Астана») және біріншілікте 4-орын алған команда («Шахтер») қатысады.Суперкубок екі жартылай финалдық матч (2,3 наурыз), 3-орын үшін ойын (5 наурыз) және финалдық кездесуден (6 наурыз) тұрады.
- Соңғы
- Қазан, 30
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 29
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 28
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 27
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 22
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- 
                    
                  
                    Басқа жаңалықтар                  
                
                          Күнделікті жаңалықтар
                Бүгін,
31 қазан 2025
              31 қазан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
          
            Басқа жаңалықтар          
        
           
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                    