Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Татьяна Ахметова-Аманжол күрес түрлерінен Олимпиадаға жолдама алды

inform.kz

Татьяна Ахметова-Аманжол күрес түрлерінен Олимпиадаға жолдама алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда күрес түрлерінен Азия іріктеу турнирі жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. Жарыс финалында әйелдер күресінен 53 келіге дейінгі салмақта Татьяна Ахметова-Аманжол Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Қазақстандық балуан жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысымен кездесті. Ким Хен Чжумен өткен бақталас 11:1 есебімен аяқталып, Татьяна Ахметова-Аманжол ақтық сынға өтті. Айта кетерлігі, Азия іріктеу турнирінің финалына шыққан спортшы автоматты түрде Олимпиада жолдамасына ие болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024