"Канело" карьерасын қашан аяқтайтынын айтып берді
Екінші орта салмақтағы WBC және WBA белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (55-1-2, 37 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын айтып берді. "Зейнетке шыққан кезде мен шаршы алаңға дейін жүріп өтетін сәтті қатты сағынатын боламын. Бірақ әлі жеті жыл жұдырықтасуға уақытым бар. Содан соң карьерамды аяқтаймын", - деді 30 жастағы "Канело" Boxingscene.com порталына берген сұқбатында. Айта кетейік, Альварес өзінің алдағы кездесуін екінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері 31 жастағы Билли Джо Сондерске (30-0, 14 КО) қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек 8-мамыр күні Техас штатындағы AT&T Stadium спорт кешенінде өтеді.
- Соңғы
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
15 наурыз 2026
15 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар