Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды
Еркін күрестен Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Нұрқожа Қайпанов екі дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Алматы, NEGE. 74 келіге дейінгі салмақта белдескен ол финалда ирандық Мұстафа Хосейнханимен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші кезеңде 0:2 есебімен ұтылып жатқан Қайпанов екінші кезеңде күшіне мініп, өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды. Еске сала кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2019 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында да топ жарған болатын. Былтырғы маусымнан бастап Нұрқожа олимпиадалық салмаққа ауысты. Бұл Қазақстан командасының Азия біріншілігіндегі екінші алтыны. Кеше еркін күрес шебері Талғат Сырбаз 70 келіде жеңіске жеткен болатын.
- Соңғы
- Танымал
- Қазан, 28
-
-
-
-
- Қазан, 27
-
-
- Қазан, 22
-
-
-
-
- Қазан, 21
-
-
-
-
- Қазан, 20
-
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
29 қазан 2025
29 қазан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар