Моуринью «Рома» клубын басқарады

Жозе Моуринью жаңа команданы жаттықтыратын болды. Алматы, NEGE. Жозе Моуринью Италияның «Ромаcын» жаттықтырады. Португалиялық маманмен келісім жасасқаны туралы клуб ресми сайтында жазды. Жаңа бапкер жұмысын келесі маусымнан бастайды. Уағдаластық 2024 жылға дейін есептелген. Бұған дейін римдіктердің тренер Паулу Фонсекамен қош айтысқаны мәлім болған еді. Ол Мәскеудің «Спартак» командасына баруы мүмкін. Ал Моуринью өткен айда ғана ағылшындық «Тоттенхеммен» ат құйрығын үзісті. Мауринью Италияның «Интерін» де басқарғаны есте. Бұл тұста команда екі мәрте Италия чемпионатының жеңімпазы атанып, Чемпиондар Лигасында да топ жарды.
- Соңғы
-
-
-
- Қазан, 15
-
-
-
- Қазан, 14
-
-
-
-
- Қазан, 13
-
-
-
- Қазан, 11
-
-
- Қазан, 10
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
16 қазан 2025
16 қазан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар