Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық боксшы Конелоны кім жеңетінін айтты

aikyn.kz

Қазақстандық боксшы Конелоны кім жеңетінін айтты

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) мексикалық Сауль Альварес пен ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz. Жәнібек Твиттер-парақшасында алдағы кездесуде кім жеңетінін айтты. «Канело ма, Сондерс па? Канело жеңеді деп ойлаймын. Оған жеңіс тілеймін. Оны біреу-міреу жеңгенін қаламаймын. Оны құлататын жалғыз боксшы болғым келеді. Оны жақында істеймін», — деді Әлімханұлы. Альварес пен Сондерс жекпе-жегі 9 мамырда таңертеңгісін америкалық Техас штаты, Арлингтондағы AT&T Stadium аренасында өтеді. Боксшылар WBC, WBO және WBA титулдарын сарапқа салады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024