Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Азия чемпионаты: боксшыларымыз алғашқы жекпе-жектерін өткізді

24.kz

Азия чемпионаты: боксшыларымыз алғашқы жекпе-жектерін өткізді

Дубайдағы бокстан Азия чемпионатында қазақстандық былғары қолғап шеберлері алғашқы кездесуін өткізді.Шаршы алаңға шыққан 4 спортшымыздың екеуі қарсыласынан басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды. Атап айтсақ, 64 келіде өнер көрсеткен Закир Сафиуллин ирандық Ашкан Резаиді тізе бүктірді. Сондай-ақ 75 келіде Әбілхан Аманқұл жекпе-жекті өткізбестен жеңімпаз деп танылды. Ол кувейттік Саид Абасс Аль-Бахранимен шеберлік байқасуы тиіс-тін. Алайда қарсыласы жұдырықтасудан бас тартты. Ел үмітін үкілеп барған Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржановтарға бұл жолы сәттілік жетіспеді.Айта кетейік, 31 мамырға дейін жалғасатын додада жігіттермен қатар бұрымдылар да бақ сынайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024