Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Криштиану Роналду "ПСЖ" клубына ауысуға жақын

kaz.vesti.kz

Криштиану Роналду ПСЖ клубына ауысуға жақын

"Ювентус" клубының шабуылшысы жазғы трансферлік маусымда жаңа клубқа ауысуы мүмкін. Қазіргі таңда франциялық клубтың басшылығы Роналдудың өкілдерімен келіссөздер жүргізуде. Ал туриндіктер болса Криштианудың трансферлік құнын 25-30 млн еуроға бағалап отыр. Жуырда "Ювентустың" бас бапкері атанған Массимилиано Аллегри 36 жастағы тәжірибелі португалиялықтың орнына жас ойыншыларға көбірек сенім артатынын айтқан болатын. Криштиану Роналдудың туриндіктермен келісім-шарты 2022-ші жылға дейін жоспарланған. Ол 2020-2021-ші жылғы маусымда Италия чемпионатында 33 матчта 29 гол соғып үздік шабуылшы номинациясында жеңіске жетті. Оның "кәрі сеньорадағы" жылдық табысы 31 млн еуроны құрайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024