Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Данияр Елеусінов IBF рейтингінде төмендеді

inform.kz

Данияр Елеусінов IBF рейтингінде төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингінде бір позицияға төмен сырғыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жартылай орта салмақта Елеусінов 8-орыннан 9-ға түсті. Айта кетейік, Данияр намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін өткен жылдың қарашасынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Аталған жеңіс қазақстандыққа IBF Inter-Continental-дің вакантты чемпиондық белдігін алып келді. Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы ресейлік Давид Аванесян (27-3-1, 15 КО) болады деп күтілуде. Алайда ресейлік команда өзге кандидатураларды да қарастыруда.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 сәуір 2024