Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Токио-2020: Серік Теміржанов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

24.kz

Токио-2020: Серік Теміржанов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

Токио Олимпиадасында боксшылар додасының шымылдығы түрілді. Қазақстан командасы сапынан алғаш болып Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 57 келіде жұдырықтасқан Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галошпен кездесті. Аталған сын қазақстандық боксшыға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Серік Теміржанов қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп – 5:0. Серік Теміржановтың келесі айналымдағы қарсыласы - америкалық боксшы Роган Дюк.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024