Қазақстандық балуан қыз жастар арасында әлем чемпионы атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Нилуфар Раимова Уфада күрес түрлерінен жастар арасында әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті мәлім еткеніндей, қазақстандық балуан қыз 57 келіге дейінгі салмақта үздік шықты. Финалда Н.Раимова италиялық Аврора Руссомен белдесті. Бірінші кезеңде қарсыласы алда тұрды. Дегенмен екінші кезеңде Нилуфар таразы басын өзіне аудара білді. Сөйтіп тартысты кездесуде 8:6 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, бұған дейін осы дүниежүзілік додада Нұрдәулет Қуанышбай 74 келіге дейінгі салмақта күміс, ал Асылжан Есенгелді (57 кг) мен Бекзат Ермекбай (65 кг) қола жүлдеген атанған болатын.
- Соңғы
- Наурыз, 20
-
- Ақпан, 26
-
- Қазан, 06
-
- Қазан, 02
-
- Тамыз, 31
-
- Тамыз, 17
-
- Тамыз, 11
-
- Тамыз, 10
-
- Тамыз, 09
-
-
- Тамыз, 07
-
-
- Тамыз, 01
-
- Шілде, 31
-
- Шілде, 23
-
- Шілде, 20
-
- Шілде, 16
-
- Шілде, 08
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
10 шілде 2026
10 шілде 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар