Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Динамо» командасымен кездеседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларустің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесу елорда уақытымен 19:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бүгінге дейін 26 мәрте шеберлік байқасты. Оның 12-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды. Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті. «Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды. Ал «Динамо» соңғы алты кездесудің біреуінде қарсыластарын тізе бүктірді
- Соңғы
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
15 наурыз 2026
15 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар