Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Теннистен Майами турнирі: Юлия Путинцева екінші жеңісіне қол жеткізді

inform.kz

Теннистен Майами турнирі: Юлия Путинцева екінші жеңісіне қол жеткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингте 135-орында тұрған украиналық Леся Цуренкомен өткізді. Юлия Путинцева 6:3, 4:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Юлия 1 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың 8-ін пайдаланды. Қарсыласы 7 брейктен (12 брейк-пойнт) аса алмады. Қазақстандық спортшы үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен шеберлік байқасады. Ол чехиялық Мария Боузкованы 7:5, 7:5 есебімен қапы қалдырды. Осылайша жүлде қоры 8,3 млн АҚШ долларынан асатын додада жекелей сында Е.Рыбакина мен Ю.Путинцева жарыс жолын жалғастырады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Майами турнирінде Михаил Кукушкиннің екінші айналымға өткенін, Дэвис кубогында Қазақстанның үшінші себетке түскенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Елена Рыбакина Майами турнирінің үшінші айналымына шықты. Александр Бублик те жеңіспен бастады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024