Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін айқасының қашан өтетіні анықталды

inform.kz

Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін айқасының қашан өтетіні анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін британдық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) қашан жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегі өтетін күн ресми түрде белгілі болды. Boxingscene.com сайтының хабарлауынша, бұл жекпе-жек 21 мамырға жоспарланған. Айқас өтетін жер әзірге белгісіз. Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қараша айында өткізген – ол француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-6, 21 КО) кездесіп, оны сегізінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Дэнни Дигнум болса, осы жылдың ақпан айында, алтыншы раундта британдық Грант Деннисті техникалық нокаутпен (17-4, 3 КО) жеңді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 мамыр 2024