Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Каспий» көш басына шықты

alashainasy.kz

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Каспий» көш басына шықты

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі төртінші турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алғашқы екі турды сәтсіз өткізген елордалық «Астана» кейінгі ойындарда жинақы қимыл көрсетті. Қатарынан екі мәрте жеңіске жетті. Бүгін елорда клубы Түркістанда «Мақтарал» командасын 3:0 есебімен сүріндірді. Өзге ойындарда өз алаңында «Каспий» «Ордабасыны», «Қызылжар» «Ақсуды» 2:1 жеңсе, «Тараз» «Атырауға» 0:1 есебімен жол берді. Ал «Ақтөбе» мен «Шахтер» 1:1 есебіне қанағат білдірді. Енді 4 сәуірде тағы екі ойын өткізіледі. Алдымен, 16.00-де «Ақжайық» (Орал) мен «Қайрат» (Алматы) кездессе, 19.00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Тұран» (Түркістан) шеберлік байқасады. Бүгінгі нәтиже бойынша 10 ұпаймен «Каспий» командасы көш басына шықты. Одан кейінгі орындарда үш ойыннан кейін 7 ұпаймен «Шахтер»,«Қайрат» және «Тобыл» командалары келеді. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024