Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Анна Данилина теннистен Чарльстон турнирінде жартылай финалға шыға алмады

inform.kz

Анна Данилина теннистен Чарльстон турнирінде жартылай финалға шыға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тағы Чарльстон WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. А.Данилина Беларусь өкілі Александра Сасновичпен бірге ширек финалда осы жарыстың бірінші ракеткалары, америкалық Каролин Долхайд – қытайлық Чжан Шуаймен шеберлік байқасты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта америкалық-қытайлық жұп 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Олар 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланса, А.Данилина мен А.Саснович 2 брейкпен (11 брейк-пойнт) шектелді. Тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин ресейлік Евгений Донскоймен бірге Мехико (Мексика) челленджер турнирінің финалына өте алмады. Олар жартылай финалда чилилік Николас Харри – бразилиялық Матеус Пучинелли де Алмейдадан ұтылды – 3:6, 4:6. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Чарльстон турнирін жеңіспен бастағанын, қазақстандық теннисшілердің Мароккодағы жарыстың финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Александр Бубликтің Монте-Карло мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды. Заңғар Нұрланұлы Португалиядағы жарыстың финалына шықты.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024