Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Геннадий Головкин әлемдік рейтингіде көш бастады

inform.kz

Геннадий Головкин әлемдік рейтингіде көш бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Boxrec.com сайты жаңартылған рейтингіні жария етіп, онда қазақстандық Геннадий Головкин көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кеше Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) BoxRec рейтингісінде салмақ дәрежесіне қарамастан, барлық боксшылар арасында 698.6 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) 678.4 ұпаймен екінші сатыда. Америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) 524.0 ұпаймен әлем боксшылары арасында үздік үштікті түйіндеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Геннадий Головкиннің жапониялық қарсыласын жеңгенін, жекпе-жектен кейін Риота Муратаға шапанын сыйға тартқанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ жапониялықтар Головкиннің өз шапанын Муратаға жапқанын талқылап жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024