Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бокстан Әлем чемпионатында Қызайбай мен Лукас кездеспейтін болды

ktk.kz

Бокстан Әлем чемпионатында Қызайбай мен Лукас кездеспейтін болды

Әуелде Лукас пен Қызайбай Әлем чемпионаты – 2022-де бір салмақ санатында (50 келіге дейін) өнер көрсетеді деп жоспарланған еді. Турнирде қос қазақстандық боксшының бір-бірімен жекпе-жекке шығу ықтималдығы болды. Бірақ салмақ өлшеу нәтижесімен спортшыларымыз әртүрлі салмақ санатына түсті: Назым Қызайбай – 50 келі, Ангелина Лукас 52 келі. Айта кетейік, даулы мәселе бойынша бұған дейін Қазақстан құрамасынан кеткен Ангелина Лукас Ыстанбұлдағы Әлем чемпионатында IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) атынан шығып, Fair Chance Team командасының намысын қорғайтын болады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Түркияда бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты жалауын көтерді. Еліміздің атынан 12 боксшы сынға түседі. Алғашқы жекпе-жек 9 мамырда өткізіліп, финалдық сайыстар 19-20 мамыр күндеріне белгіленген. Ел құрамасы сапында Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады. Қазақстандық боксшылар алғашқы жекпе-жегінде Канада, Колумбия, Пуэрто-Рико, Испания, Финляндия, Алжир, Өзбекстан, Кения, Түркия және Украина боксшыларымен кездеседі. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024