Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Роналду мен Месси емес. Бір жылда ең көп табыс тапқан спортшы белгілі болды

alashainasy.kz

Роналду мен Месси емес. Бір жылда ең көп табыс тапқан спортшы белгілі болды

"Лос-Анджелес Лейкерс" клубының көшбасшысы Леброн Джеймс әлемдегі ең көп табыс табатын спортшы атанды, деп жазады Sportico. Соңғы бір жылда баскетболшы 126,9 миллион АҚШ доллар тапқан. Осылайша, ол өзінің спорттық карьреасында бір жылдың ішінде ең көп табысқа кенеліп отыр. Алайда командасымен жасалған келісімшарт бойынша ол бір жылда небәрі 36,9 миллион доллар алған. Қалған табысы жарнама арқылы түскенін айта кеткен жөн. Леброннан бөлек ҰБҚ (NBA) ойнайтын тағы алты спортшы үздік ондыққа енді. Олар Стефен Карри ("Голден Стэйт Уорриорз"), Кевин Дюрант ("Бруклин Нетс"), Джеймс Харден ("Филадельфия Сиксерс"), Яннис Адетокунбо ("Милуоки Бакс"), Рассел Уэстбрук ("Голдэн Стэйт") және Клэй Томпсон ("Голдэн Стэйт"). Көп табыс тапқан ойыншылар арасында Лионель Месси (122 миллион), Криштиану Роналду (115 миллион) және Неймар (103 миллион) бар. Боксшылар арасында Сауль "Канело" Альварес те бір жылда ең үлкен табыс тапқан он спортшының қатарына енді. Жуырда ресейлік Дмитрий Биволға ұпай санымен жеңілген "Канело" бір жылда 89 миллион АҚШ доллар табыс көрді. kaz.vesti.kz Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024