UFC файтері Дикий Арманға қатысты пікір білдірді
Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов қамауда жатқан Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке деген көзқарасын білдірді деп хабарлады turkystan.kz «Халқының лайықты перзенті. Мен ағамды жақсы білемін. Ол өз елінің патриоты»,- деп жазды файтер Instagram-дағы парақшасында. Айта кетсек, Жалғас Жұмағұлов 5 мауысмда Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте АҚШ өкілі Джефф Молинадан (11:2) жеңілген болатын. Қазақ елі үшін бұл UFC-дегі төртінші жеңіліс болды. Еске салсақ, бұған дейін сот шешімімен Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылған болатын. Дикий Арман Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша: атыс қаруын заңсыз алу, зорлық-зомбылықпен, қиратуға ұштасқан тәртіпсіздіктерге қатысу, сондай-ақ абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бас бостандығынан заңсыз айыру бойынша күдікті ретінде қамауда отыр.
- Соңғы
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
25 маусым 2026
25 маусым 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар